Жұма, 19 маусым 2026 ж. 4 мұхаррам 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Бесін 12:21
Ақшам 20:38
Құптан 22:24
Жаңалықтар

Шымкентте ихсан ілімін дәріптейтін республикалық конференция басталды

25 сәу 2025 723 рет оқылды
Шымкентте ихсан ілімін дәріптейтін республикалық конференция басталды
Бүгін Шымкент қаласындағы «Сейітжан қари Есжанұлы» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Ихсан – рухани тәрбие мектебі» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция басталды.
Конференция жұмысына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, белгілі ғалымдар – Зәріпбай Оразбай, Досай Кенжетай, Мұхан Исахан, Батыржан Мансұров, мәдениет қайраткері – Бекжан Тұрыс, зиялы қауым өкілдері, имамдар мен медресе-колледж шәкірттері қатысуда. Айта кетсек, конференцияны ұйымдастырудағы мақсат – қоғамды ізгілікке үндеу, жастар арасындағы жаман әдеттерді болдырмау, жамағатты әрбір ізгі амалды көркем түрде орындауға шақыру, бұқара халық ішінде бауырмалдық қасиеттерді қалыптастыру.