Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Пайғамбардың (с.ғ.с.) өз үмбеті үшін жасаған дұғасы

Пайғамбардың (с.ғ.с.) өз үмбеті үшін жасаған дұғасы

0 154

Абдуллаһ ибн Амр ибн әл-Астан (Аллаһ әкесі екеуіне разы болсын).Ол: «(Бірде) Пайғамбар (с.а.с.) Алла Тағаланың Ибраһимге қатысты: «Раббым! Шын мәнінде, олар көп адамдарды адастырды. Кім маған ілессе, расында, ол – менен. Ал кім маған қарсы келсе, расында, Сен – өте Кешірімді, аса Рақымдысың» деген сөзін оқыды. Иса (аләйһиссәләм): «Егер оларды азаптасаң, расында, олар – Сенің пенделерің. Ал егер оларға кешірім жасасаң, расында, Сен – аса Үстем, Данасың», – деген. (Пайғамбар (с.а.с.)) қолдарын көтеріп: «Уа, Алла! Үмбетім, үмбетім», – деп көз жасына ерік берген. Алла Тағала: «Ей, Жәбірейіл, Мұхаммедке бар! Раббың жақсы біледі, (бірақ) сен одан: «Сені жылатқан не нәрсе?» – деп сұра», – дейді. Жәбірейіл (аләйһис-сәләм) оған келіп, (мұның жайын) сұрайды. Алла елшісі (с.а.с.) оған өзі айтқанды жеткізеді. (Әрине, Алла мұны) жақсы біледі. Сонда Алла: «Ей, Жәбірейіл! Мұхаммедке барып: «Таяу арада Біз сені үмбетіңе қатысты разы етеміз және сені ренжітпейміз», – деп айт», – деген», – дейді3
(202/346).

Жәбир ибн Абдуллаһтан (Алла әкесі екеуіне разы болсын). Туфайл ибн Амр әд-Дәуси Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың елшісі! Сенің берік қамалың мен қорғаның бар ма?» – деп (сұраған). Ол:
«Жәһилият кезінде дәус (руына) тиесілі болған қамалға (қалай қарайсың?)» – деген. (Бірақ) Пайғамбар (с.а.с.) Алла ансарларға сақтаған (игілік) үшін бұдан бас тартады. Сосын Пайғамбар (с.а.с.) Мәдинаға қоныс аударған кезде, Туфайл ибн Амр да оған қоныс аударады. Онымен бірге оның қауымынан бір кісі қоныс аударады. Оларға Мәдинаның ауасы жақпай, (әлгі кісі) ауырып қалады. (Ауруға) шыдай алмаған ол ұшы өткір жалпақ жебесін алып, онымен саусақтарының буындарын тіледі де, қолынан қан ағып, қансырап өледі. Туфайл ибн Амр оны түсінде көреді. Оның түр-келбеті әдемі екенін, (бірақ) қолдарын жауып алғанын көрген (Туфайл) одан: «Раббың саған не істеді?» – деп (сұрайды). Ол: «Өз Пайғамбарына (с.а.с.) қоныс аударғаным үшін Ол мені кешірді», – дейді. (Туфайл): «Мен сенің қолдарыңды жауып алғаныңды көріп тұрмын ғой», – деп (сұрақ қояды). Ол: «Маған: «Біз сенің өз қолыңмен бүлдіргеніңді түземейміз» деп айтылды», – дейді. Туфайл мұны Алла елшісіне (с.а.с.) әңгімелеп бергенде, Алла елшісі (с.а.с.): «Уа, Алла! Оны қолдары үшін де кешіре гөр!» – деп (дұға жасаған) (116/184).

материал «Жүректерді оятушы» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.