Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Марокко елшісін қабылдады

Бас мүфти Марокко елшісін қабылдады

0 104

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Марокко Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Мохаммед Рашид Маанинуді қабылдады.


Кездесуде тараптар Қазақстан мен Марокко арасындағы діни-рухани байланыстарды нығайту, ислам істері саласындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады.

Бұл кездесу қос мемлекет арасындағы өзара серіктестікті арттырып, діни саладағы тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді, – деді Бас мүфти.

Кездесу соңында екіжақты ынтымақтастықты жандандыру мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асыру және дін қызметкерлерінің біліктілігін арттыру бағытында ұсыныстар білдірілді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.