Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наурызбай қажы Тағанұлы Оралда бірқатар имамды марапаттады

Наурызбай қажы Тағанұлы Оралда бірқатар имамды марапаттады

0 78

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Батыс Қазақстан облысына барған сапарында діни салада ширек ғасырдан астам өнімді еңбек етіп келе жатқан бірқатар ардагер имамды «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 35 жыл» мерекелік медалмен марапаттады.


«Жуырда Астанада алтыншы рет имамдар форумын өткіздік. Мемлекет басшысы қадірлі Қасым-Жомарт Кемелұлы арнайы құттықтауын жолдап, үлкен қолдау көрсетті. Президентіміз айтқандай, азаматтардың өзара сенімін нығайту және жауапкершілік, жанашырлық, әділдік сияқты қағидаттарды орнықтыру – қашанда басты міндет. Бұл ретте құрылғанына биыл 35 жыл толған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы маңызды рөл атқарады. Имамдар қоғамдағы игі бастамаларды жүзеге асыруға белсене қатысып, жастарды жат діни ағымдардың ықпалынан қорғауға, отаншыл ұрпақ тәрбиелеуге табысты түрде атсалысып жүр» деді Бас мүфти.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.