Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ: Құрбан айтқа қатысты мәжіліс өтті

ҚМДБ: Құрбан айтқа қатысты мәжіліс өтті

0 61

Астанада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен Құрбан айт мерекесіне дайындық бойынша  мәжіліс өтті.


Жиынға ҚМДБ қызметкерлері, облыс және қала имамдары қатысты. Онлайн және офлайн форматта өткен басқосуда Бас мүфти Құрбан айттың жоғары деңгейде өтуі үшін нақты тапсырмалар берді.

«Құрбан айт мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Қазіргі таңда дайындық жұмыстары еліміздің барлық аймақтарында қарқынды түрде жүргізілуде. Ел жағдайы мен сұраныстарын ескере отырып, құрбан шалу рәсімі онлайн және офлайн форматта қатар жүзеге асады. Бұл тәжірибе өткен жылдары өзінің тиімділігін көрсеткенін жақсы білеміз. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды биыл да жүйелі түрде атқарып, халқымыздың сеніміне селкеу түсірмей, үлкен жауапкершілікпен орындауымыз қажет»,- деп атап өтті Бас мүфти.

Мәжілісте мерекеге байланысты ұйымдастыру шаралары талқыланды. ҚМДБ Зекет және қайырымдылық қорының директоры Мақсатбек Мақсотұлы, Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Серікқанұлы, сондай-ақ Бас есепші Лаура Тілеуханқызы тиісті бағыттар бойынша баяндама жасады.









Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.