Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жамбыл облысында жаңа мешіт ашылды

Жамбыл облысында жаңа мешіт ашылды

0 97

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданына қарасты Ақсүйек ауылында жаңа мешіттің ашылу салтанаты өтті. Рухани шараға ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы арнайы қатысып, жамағатты құттықтады.


Салтанатты жиынға ауыл тұрғындары, дін қызметкерлері мен ардагерлер қатысты. Мойынқұм ауданының бас имамы Рысбай Еспенбетов жамағатты құттықтап, ауыл имамы облыс бас имамына шапан жауып, алғыс білдірді.

Мешіттің лентасын облыстың бас имамы мен ауыл ақсақалы бірге қиып, жаңа рухани орталықтың есігін ашты.

Салтанатты шарадан кейін жұма намазы оқылып, жамағатқа Асқар қажы Зәкіржанұлы уағыз айтып, бірлік, имандылық және мешіттің қоғамдағы рөлі жайында тағылымды насихат жүргізді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.