Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ мен Мұсылман ақсақалдар кеңесі ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады

ҚМДБ мен Мұсылман ақсақалдар кеңесі ынтымақтастықты кеңейту жолдарын талқылады

0 107

Бүгін Астана қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Мұсылман ақсақалдар кеңесі арасында кездесу өтті. Басқосу барысында ҚМДБ-мен әл-Азһар университеті арасындағы ынтымақтастықты нығайту, дін қызметкерлерінің діни және ғылыми білімін арттыру, тәжірибе алмасу және бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.


Кездесуге ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының қызметкері Маржан Галиева, Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Астанадағы кеңсе жетекшісі Мохамед Еламин бастаған делегация, ҚМДБ Төраға орынбасары, наиб мүфти Ермек Мұқатай және бірқатар дін қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхамед Әбделсалам бұл бастамалардың барлығы әл-Азһардың Жоғарғы имамы, шейх Ахмед ат-Тайебтің тікелей қолдауымен жүзеге асып отырғанын ерекше атап өтті.

Бұған дейін Бахрейн астанасы Манама қаласында өткен форум аясында ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы және Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас хатшысы Мұхамед Әбделсалам қазақстандық имамдардың білімін жетілдіру мәселесін талқылаған болатын.

Айта кетейік, әл-Азһар — ислам әлеміндегі ең көне әрі беделді діни оқу орындарының бірі. ҚМДБ осы білім ордасымен әріптестікті дамыту арқылы дін қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіп келеді.








Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.