Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти баспасөз мәслихатын өткізді

Бас мүфти баспасөз мәслихатын өткізді

0 79

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Құрбан айт мерекесіне байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.


«Құрметті отандастар! Баршаңызды келе жатқан күллі исі мұсылман баласының ұлық мейрамы – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Сіздерге Алладан амандық, мықты саулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!

Алла қаласа, биыл қасиетті Құрбан айт мерекесі 6 маусымда басталады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірқатар алыс та жақын мұсылман елдерінің ғұламаларымен, пәтуа шығару орталықтарымен кеңесіп, осындай пәтуа қабылдады.

Сонымен бүгін қасиетті зұлхижжа айы басталды. Осы айдың алғашқы он күнінде барынша ынтамен ғибадат етіп, көбірек ізгі істер мен жақсы амалдар жасауға тырысқан абзал. Өйткені, қасиетті хадис-шарифтерде осы айда орындалған игі істердің сауабы еселеніп жазылатыны айтылған» деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.











Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.