Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Миссия өкілдері Жидда әуежайынан қажыларды күтіп алды

Миссия өкілдері Жидда әуежайынан қажыларды күтіп алды

0 147

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Қажылық миссиясы өкілдері Жидда қаласындағы халықаралық әуежайдан 189 отандасымызды күтіп алды.


Қазақстан Қажылық миссиясының мүшелері ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров, Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің өкілі Ерлан Есбергенов, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі қажыларды қарсы алып, сапарларына сәттілік тіледі.

Шымкент-Жидда бағыты бойынша тікелей рейспен жеткен отандастарымызға Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының сәлемін жеткізіп, қасиетті сапарға қатысты кеңестерін бөлісті.

Айта кетейік, әзірге елімізден 763 қажы қасиетті сапарды атқаруға келді. Оның 475-і Мекке қаласына, қалған 288-і Мәдина қаласына орналасты. 31 мамырға дейін 4500 отандасымыз қасиетті Мекке қаласына толықтай жиналады деп жоспарланған.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.