Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ел үлесі пәтерге: Екі отбасыға баспана кілті табысталды

Ел үлесі пәтерге: Екі отбасыға баспана кілті табысталды

0 23

Қасиетті жұма күні Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Павлодар облысына жұмыс сапары барысында орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде «Ел үлесі – пәтерге» жобасы бойынша 2 отбасыға баспана кілтін табыстады.


«Алла Тағала қуаныштарыңызды еселесін. Қиындықтарыңызды жеңілдетіп, шаңырақтарыңызға құт-береке жаудырсын. Осы сауапты іске үлес қосқан мешіт жамағатына және жанашыр азаматтарға Алла разы болсын. Қоныс құтты болсын», – деді Бас мүфти.

Айта кетейік, ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қоры және Павлодар облысы имамдарының ұйытқы болуымен республика бойынша 840, 841-баспана кілттері 9 баланың әкесі, Ақсу кентінің азаншысы Қуаныш Рахметуллаұлы мен 2024 жылдың қысында үйі өртеніп кеткен, бүгінгі таңда 3 қыз бала және қамқорлығына алынған бір жеткіншекті тәрбиелеп отырған Қаратерек ауылының молдасы Азамат Бердібекұлының отбасыларына табысталды.

Өз кезегінде пәтерге ие болған азаматтар «Ел үлесі пәтерге» жобасын ұйымдастырушыларға, акцияға үлес қосқан барша жамағатқа алғысын білдірді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.