Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наурызбай қажы Тағанұлы керекулік имамдарды марапаттады

Наурызбай қажы Тағанұлы керекулік имамдарды марапаттады

0 114

Бүгін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Павлолар облысына барған сапарында діни салада табанды еңбек етіп келе жатқан бірқатар дін қызметкерлерін «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына 35 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.


Аталмыш марапат Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізі қаланғанына 35 жыл толуына орай, ел ішінде дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеп, халыққа діни-ағарту бағытында аянбай қызмет етіп жүрген имам-молдаларға көрсетілген құрметтің белгісі ретінде табысталды.

«ҚМДБ 35 жыл» мерекелік медалімен марапатталған Павлодар облысының дін қызметкерлері:
1. Тлеубаев Қанат Алпысұлы (Павлодар қаласы, Ақмешіт мешітінің наиб имамы)
2. Омаров Абдумуталиб Жұмаділләұлы (Ақсу қалалық мешітінің бас имамы)
3. Абильдабек Хайролла (Екібастұз қалалық мешітінің наиб имамы)
4. Ильясов Төлеуғали Балатайұлы (Байқоныс ауылдық мешітінің молдасы)
5. Адиль Райнбек (Шарбақты ауданы «Қызыр» мешітінің наиб имамы)
6. Бейсенбин Ермұрат (Жамбыл мешітінің имамы)


Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.