Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Павлодарда отбасы құндылықтарын дәріптейтін республикалық конференция басталды

Павлодарда отбасы құндылықтарын дәріптейтін республикалық конференция басталды

0 72

Бүгін Павлодар қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ дәстүріндегі отбасы құндылығы» тақырыбында республикалық танымдық конференция басталды.


Конференция жұмысына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Павлодар облысы әкімінің орынбасары Маликова Айгүл Қайыртасқызы, Мәшһүртанушы ғалым Айтмұхамет Тұрышев, профессор Еңлік Жұматаева, отбасы саласы бойынша сарапшы Ақан Мергембай және т.б. зиялы қауым өкілдері, имамдар мен медресе-колледж шәкірттері қатысуда.

Конференция қасиетті Құран аяттарымен басталып, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының рухына арнайы дұға жасалды.

Айта кетсек, конференцияны ұйымдастырудағы мақсат – қазақ халқының дәстүрлі отбасы құндылықтарын насихаттау, олардың рухани, мәдени және тәрбиелік маңызын жаңғырту арқылы заманауи қоғамда отбасылық институтты нығайту, ұрпаққа өнеге болатын құндылықтарды дәріптеу.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.