Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қазақстан қажыларын қонақүйде ерекше салтанатпен қарсы алды (фото)

Қазақстан қажыларын қонақүйде ерекше салтанатпен қарсы алды (фото)

0 83

Бүгін «Flynas» әуекомпаниясының Астана-Жидда рейсімен қасиетті мекенге жеткен 400-ден астам отандасымызды әуежайдан Қазақстан Қажылық миссиясының өкілдері күтіп алды.


Наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы бастаған миссия мүшелері қажылардың хал-жағдайымен танысып, сапарларына сәттілік пен жеңілдік тіледі.

Сондай-ақ аталмыш қажыларды Меккедегі қонақүйде Сауд Арабиясы Корольдігінің еліміздің қажыларына қызмет көрсететін «Машариқ» компаниясының өкілдері салтанатпен қарсы алып, сый-сияпат жасады. Ұзақ жолдан шаршап келген қажылар қуанышты көңіл-күйге бөленіп, ұйымдастырушыларға алғысын жеткізді.

Дәл қазір 1 577 отандасымыз Мәдина қаласына, ал Мекке қаласына 2 217, барлығы 3 794  қажы келіп үлгерді. Биыл конкурстық негізде 15 туроператорға қаржылық мүмкіншілігіне орай жалпы саны 4500 қажылық орны бөлінді. Отандастарымыз 31 мамырға дейін толықтай қасиетті мекенге жиналады. Қажыларымыздың денсаулық жағдайы миссия және туроператорларға бөлінген медицина мамандарының толық бақылауында. Ал уағыз-насихат және пәтуа мамандары рухани кеңестерін күн сайын бөлісіп отыр.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.