Алланың көріп тұрғанын біліп, қалайша күнә жасайсың?
Алланың көріп тұрғанын біліп, қалайша күнә жасайсың?
Бірде бір жігіт Ибраһим ибн Адхамға* (р.а.) келіп: «Мен қанша тырыссам да күнә жасамай жүре алмаймын, не істесем болады?» деп сұрайды. Ибраһим ибн Адхам (р.а.): «Қазір мен айтатын мына 5 нәрсенің тым болмаса біреуін орындай алсаң, күнәні қалағаныңша жасай беруіңе болады» дейді:
– Бірінші. Егер сен күнә жасайтын болсаң, Алланың берген ризық-несібесінен тамақтанба.
– Аллаға тиесілі емес ризық-несібені қайдан табамын, егер бұл өмірде барлық нәрсе Алланың құзырында болса?
– Олай болса, Жаратушының берген ризық-несібесін жеп отырып қалайша сен күнә жасайсың, қалайша Оны тыңдамайсың?
– Екінші. Егер сен күнә жасағың келсе, Ол көрмейтін жерге кетіп қал.
– Бірақ, барлық нәрсе Алланың бақылауында ғой. Қалайша Ол көрмейтін жерге кете алам? – дейді жігіт.
– Олай болса, Алланың көріп тұрғанын біле тұра, қалайша күнә жасайсың?
– Үшінші. Әзірейіл (ғ.с.) жаныңды алуға келгенде одан жасаған күнәларың үшін өкініп, тәубе етуге аз ғана уақыт бере тұруын сұра.
– Ол мүмкін емес, өлім періштесі ешкімге уақыт бермейді…
– Олай болса, Әзірейіл (ғ.с.) жаныңды кез келген сәтте алатынын, тәубе етуге уақыт бермейтінін біле тұра қалайша күнә жасайсың?
– Төртінші. Періштелер сені тозаққа алып бара жатқанда ол жаққа барудан бас тарт. Осы сөздерден кейін жігіт егіліп жылап жібереді…
*Ибраһим ибн Адхам – VIII ғасырда өмір сүрген сүннит ғалымдарының бірі (м 718-781 ж). Білімімен қоса, аса тақуалығымен танымал болған. Одан Суфянус Саури сынды хадисші ғалымдар хадис риуаят еткен. Имам Нәсәи оған байланысты: “Сиқа. Сенімді. Зәһидтердің бірі” деп баға берген. (әз-Зәһәби. “Сияру аъләми ән-Нүбәлә”.)
материал «Ғибратты оқиғалар» кітабынан алынды,
sunna.kz