Сұрақ: Оразада темекі тарту мәселесі туралы айтып берсеңіз.
Жауап: Ораза кезде мейлі жәй түтін болса да әдейілеп жұтса оразаны бұзады. Сол себепті ауыз берік кезде темекі тартса оразасы бұзылады. Өйткені темекінің түтіні никатин мен деготь және екеуінен бөлек қамтитын заттар бар, бұлардың бәрі пішіні бар тозаңдай заттар, бұл нәрсені темекінің түбіне жиналатынын көреміз, сақтану керек болған нәрсені ішке тарту ораза шарттарын бұзады.
Ибн Абидин Роддул мухтар кітабында: «Егер тамағына түтін кіргізетін болса, қандай жолмен болмасын, тіпті хош иісті түтіндетіп, өзіне жақындатып ораза екенін біле тұра хош иіс түтінін жұтатын болса оразасы бұзылады» – деген.
Темекі оразаны бұзуында еш күман жоқ. Имам әш-Шурунбулали: «Ораза адамның темекіні тартуы күмансыз оразаны бұзады. Егер нәпсісін басып, пайда беріп жатса, ол адамға каффарат уәжіп болады» , деген.
Ал ораза адам әтір себініп немесе әтір иіскеудің үкімі рұқсат, себебі әтірдің түтін секілді физикалық массасы жоқ, мысалы: ауызы берік адам әр-түрлі гүлдердің иісін иіскеуі оразасын бұзбайды.
Сондай-ақ оттегімен дем алу оразаны бұзбайды. Өйткені оттегі күнделікті демалып жатқан ауамыз секілді.
Fatua.kz