Дүйсенбі, 26 қазан 2026 ж. 15 жұмадөл әууәл 1448 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты Намаз
Таң 05:24
Күн 06:51
Бесін 12:03
Ақшам 17:05
Құптан 18:32
Мақалалар

Алдыңғы оразадан қарызы бар адам не істейді?

5 нау 2024 9 103 рет оқылды
Алдыңғы оразадан қарызы бар адам не істейді?

Сұрақ: Алдыңғы оразадан қарызы бар адам не істейді?

Жауап: Ханафи мәзхабы бойынша өткен оразадан қалған қарыз күндерді осы келе жатқан рамазанға дейін өтеу шарт емес. Өйткені, Алла Тағала Құран Кәрімде:

«Кімде-кім сырқаттанса немесе жолға шықса (аузын ашуға рұқсат) басқа күндері қазасын өтесін»[1], – дей отырып, Алла қаза ету уақытын шектемей, жалпылама айтып отыр.

Сондықтан да, келесі рамазан айына дейін өтеу міндет емес. Десек те, оразаның қазасын тездетіп келесі оразаға дейін өтеп тастағаныңыз абзал [2].

[1] "Бақара" сүресі, 185-аят [2] Бахрур Раиқ – 2/499-бет