«Имани жаз – 2025» курсына 90 оқушы қабылданды (фото)
«Имани жаз – 2025» курсына 90 оқушы қабылданды (фото)
Оқушылардың жағы демалысына орай ҚМДБ бастамасы негізінде жыл сайын еліміздегі мешіттерде «Имани жаз» жазғы сауат ашу курсы ұйымдастырылып келеді.
Жылдағы үрдіс бойынша «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіндегі «Имани жаз – 2025» жазғы сауат ашу курсы өз жұмысын бастады. Жазғы курстың алғашқы күні мешіт ұстазы Сұңғат Саметов ата-аналар мен оқушыларға жазғы демалысты пайдалы өткізулерін тілеп, сауат ашу курсының маңыздылығына тоқталып өтті. 2 маусым мен 25 маусым аралығын қамтитын жазғы сауат ашу курсына 8-15 жастағы 90 оқушы қабылданды. 60 ер бала мен 30 қыз бала қатысып жатқан курста оқушылар жас ерекешеліктеріне қарай жеке топтарға бөлінді.
Сауат ашу курсындағы бүлдіршіндерге мешіттің білікті ұстаздарымен қатар медресе шәкірттері дәріс жүргізетін болады. Сауат ашу курсы таңғы сағат 9:00-11:00 аралығында бір ауысым негізінде өтеді. Курс аясында оқушыларға «Имандылық әліппесі», «Құран әліппесі» және «Тәрбие дәрістері» кітапшалары беріліп, алдағы уақытта осы сабақтар негізінде білім алатын болады. Мешіт имамдары мен ұстаздары тәрбие сабақтарына өздері қатысып, балаларға Алла Тағаланы тану, ата-анаға құрмет көрсету, дұрыс тамақтану әдептері секілді пайдалы әрі маңызды дәрістерді жүргізеді.
sunna.kz