Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Хазірет Омардың (р.а) амалдардың қайтарымы болатындығына шүбәсіз сенуі

Хазірет Омардың (р.а) амалдардың қайтарымы болатындығына шүбәсіз сенуі

0 181

Мұхаммед ибн Мүнтәшир былай әңгімелейді: «Бір адам Омар ибн Хаттабқа (р.а.): «Мен Алланың кітабындағы ең қорқынышты анық аятты білемін», – деген еді, хазірет Омар (р.а.) оны қамшысымен түртіп: «Ол аятты тапқанға дейін неге соншалықты ізденіп жүрсің?» – деді де, оның жауабын күтпей кетіп қалды. Ертеңіне хазірет Омар (р.а.) оған: «Кеше қай аятты меңзеп едің?» – деді.

Әлгі адам: «Алланың уәде еткен осы сыйы не сендердің қалауларыңмен, не кітапқа сенетіндердің қалауларымен беріледі. Кім жамандық жасаса, соның жазасын алады және Алладан басқа өзін азаптан құтқаратын қорғаушы да, көмекші де таба алмайды» (Ниса, 4/123) деген аятты оқып: «Демек жамандық жасаған барлық адам жазасын алмай қоймайды», – деді.

Омар (р.а.): «Бұл аят түскенде, құла дүзде қалғандай құлазығанымыз соншалық – жеген асымыздың да, ішкен сусынымыздың да дәмін сезбейтін күйге жеттік. Содан кейін Алла құтылудың жолын көрсетіп, мына аятты түсірді «Кімде-кім жамандық жасап немесе күнә істеп, нәпсісіне зұлымдық жасаса, сосын Алладан кешірім сұраса, Алланың Ғафур және Рахим (кешірімділігі және мейірімі мол) екендігін көреді» (Ниса, 4/110)», – деді».

материал «Сахабалар салған сара жол» кітабынан алынды,

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.