Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астанадағы Мәуліт кешінде жаңа кітаптар таныстырылды

Астанадағы Мәуліт кешінде жаңа кітаптар таныстырылды

0 189

Астана қаласында өткен «Ізгілік жаршысы – әз Мұхаммед (ﷺ)» атты рухани мәуліт кешінде «Хазіреті Әбу Бәкір Сыддық», «Құран інжулері», «Ислам энциклопедиясы» (I–II том), «Таухид», «Пәтуалар жинағы» (I–V том), «Пайғамбар отбасындағы мінсіз мәміле» кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.


Жиын барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құнды еңбектердің жарық көруінің маңызына тоқталып, халықтың рухани сұранысына сай сапалы әдебиеттер ұсыну – ҚМДБ жұмысының негізгі бағыттарының бірі екенін атап өтті.

Айта кетейік, Бас мүфти бастамасымен 2020 жылы «Мүфтият» баспасы ашылып, осы уақытқа дейін мұсылман жұртшылығының діни танымын арттыруға арналған 84 еңбек жарық көрді.

Салтанатты тұсаукесер рәсіміне Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлымен бірге ҚМДБ Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев, ҚР МАМ Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Раманқұлов және наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы арнайы қатысып, жаңа кітаптардың тұсауын кесті.



Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.