Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Рухани кеште «Мәуліт сыйы» мен Ұмра жолдамасы табысталды

Рухани кеште «Мәуліт сыйы» мен Ұмра жолдамасы табысталды

0 186

Елордада өткен «Ізгілік жаршысы – әз Мұхаммед (ﷺ)» атты Мәуліт кешінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қоғам игілігі үшін еңбек етіп жүрген бірқатар сала мамандарына «Мәуліт сыйын» табыстады.


Мәуліт сыйы ардақты Пайғамбарымыздың (ﷺ) көркем мінезі мен адамгершілік жолын үлгі етіп, өз саласында ізгі істермен айналысып жүрген азаматтарға берілді. Бұл сый — білім, мәдениет, медицина, әлеуметтік және қауіпсіздік салаларында адал қызмет етіп жүрген жандарға деген рухани қолдау мен құрметтің белгісі.

Марапат иелерінің қатарында музей мен кітапхана қызметкерлері, ұстаздар, дәрігерлер, өрт сөндірушілер, сондай-ақ мемлекеттік және отбасылық кеңес беру мекемелерінің өкілдері бар.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы мәуліт сыйының иегерлеріне ел игілігі жолында атқарып жатқан еңбектері үшін алғыс білдірді. Сонымен бірге кеш барысында көрермендер арасында ұтыс ойнатылып, Астана қаласының тұрғыны ұмра қажылығына жолдаманы жеңіп алды.








Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.