Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астанада рухани Мәуліт кеші өтті

Астанада рухани Мәуліт кеші өтті

0 162

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен елордада «Ізгілік жаршысы – әз Мұхаммед(ﷺ)» атты тағылымды мәуліт кеші өтті. Адамзаттың асылы – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүниеге келу құрметіне арналған рухани шараға ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы қатысты. Бас мүфти жамағатты мүбәрак мәуліт айымен құттықтап, ардақты Елшінің өнегелі өмірінен тағылым алуға, ізгілік пен адалдыққа, еңбекқорлыққа және Құранды қастерлеуге шақырды.

«Мәуліт– үмбетінің Алланың Елшісіне (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) деген сүйіспеншілігі, құрметінің көрінісі. Атақты табиғин Хасан Басри (Алла оны рақымына алсын) өзінің бір сөзінде: «Менің Ухуд тауындай алтыным болса, оны Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мәулітін оқытуға жаратқан болар едім» – деген екен. Қасиетті Құранның «Ниса» сүресінің 69-аятында: «Ал және кім Аллаға, Пайғамбарға бой ұсынса, міне солар Алла Тағала нығметке бөлегін пайғамбарлар, шыншылдар және шейіттермен бірге болады. Олар нендей жақсы жолдас», – делінген.

Яғни, кім Пайғамбарды шынайы жақсы көрсе, өнегелі өмірін үлгі етсе, бұйрығын орындап, тыйыл дегендерінен тыйылса, ақыретте пайғамбармен бірге болу құрметіне ие болады»,- деді Бас мүфти. Кешке зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.













 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.