Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ Төрағасы жаңа мешіт құрылысымен танысты

ҚМДБ Төрағасы жаңа мешіт құрылысымен танысты

0 150

Жетісу облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Талдықорған қаласында бой көтеріп жатқан жаңа мешіттің құрылысымен танысты.


Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы құрылыс нысанында атқарылып жатқан жұмыстармен танысып, облыстың Бас имамы Керімбек Сәрсембайұлына жаңа мешіт құрылысын жоспарланған уақытта аяқтау қажеттігін тапсырды. Сондай-ақ, құрылыс кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертті. Бас мүфти мешіт құрылысына көмектесіп жатқан демеуші азаматтарға алғыс айтып, жұмыстарына береке тілеп, дұға жасады.

Айта кетсек, 700 адамға арналған құлшылық үйінің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр.








Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.