Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Абай облысының жамағатымен кездесті

Бас мүфти Абай облысының жамағатымен кездесті

0 92

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапарымен Абай облысына барды. Іссапар аясындағы алғашқы кездесу облыстық «Абай Құнанбайұлы» орталық мешітінде өтті.


Бас мүфти құптан намазына жиналған жамағатпен жүздесіп, рухани насихат айтты. ҚМДБ Төрағасы өз уағызында жамағатты ауызбіршілік пен ынтымаққа үндеп, бірлікке сызат түсіретін іс-әрекеттерден сақтануға шақырды.

«Ислам мұсылмандардан бірлікте болуды талап етеді. Ал олардың бөлінуіне, жаман ой, біреудің қателігін іздеу, ғайбат айту, көре алмаушылық пен өшпенділік сияқты амалдарға тыйым салған. Алла Тағала Құран Кәрімде:
«Уа, иман келтіргендер! Күмәннің көбінен сақтаныңдар. Өйткені күмәннің кейбірі күнә. Сыр тексермеңдер, бір-біріңді ғайбаттамаңдар. Біреулерің өлген туысының етін жеуді қалайсыңдар ма? Әрине, оны жек көресіңдер. Расында Алла тәубені тым қабыл етуші, ерекше мейірімді» («Хужурат» сүресі, 12-аят)», – деді Бас мүфти.

Жиын соңында Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатпен бірге құптан намазын оқып, еліміздің тыныштығы мен берекесі үшін дұға жасады.












Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.