Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астанада «Үздік имам» І республикалық интеллектуалды білім сайысы басталды

Астанада «Үздік имам» І республикалық интеллектуалды білім сайысы басталды

0 53

Бүгін елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Үздік имам» І республикалық интеллектуалды білім сайысы басталды.


Жарыс қасиетті Құран Кәрім аяттарын оқумен ашылып, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы дұға жасады.

«Жамағатқа имамдық ету – жауапкершілігі мол маңызды қызмет. Бұл – Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) жолын жалғастыратын қасиетті міндет. Адамдарды жақсылыққа шақырып, жамандықтан тосу – ұлы істің бірі. Сол себепті Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) үмбеті қауымдардың қайырлысы болды. Алла Тағала Құранда былай дейді: «Сендер адам баласы үшін игілікті әмір етіп, жамандықтан тыятын, сондай-ақ, Аллаға сенетін үмбеттердің қайырлысы болып жіберілдіңдер»(«Әли Имран» сүресі, 110-аят).

Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Имам – басшы әрі қоластындағыларға жауапты» деген хадисі бұл саладағы тұлғалардың қаншалықты маңызды міндетті атқарып жүргенін көрсетеді.   Әрине, мұндай жауапкершілікті атқару үшін имамдарымызға өз болмысымен үлгі-өнеге болатын, дін ісі мен дүние ісін қатар алып жүретін көркем мінез-құлық пен ұстаздық қабілет-қасиеттер, белсенділік пен адамгершілік сипаттарауадай қажет», – деді ҚМДБ Төрағасы.

Айта кетейік, республикалық деңгейде алғаш рет ұйымдастырылып отырған байқауда қатысушылар «Қасиетті Құран», «Бабалар даналығы», «Дін мен дәстүр», «Хадис шәріп» және «Көркем насихат» кезеңдері бойынша өзара сайысқа түседі.






Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.