Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМБД Төрағасы Палестина халқымен халықаралық ынтымақтастық күніне арналған дипломатиялық шараға қатысты

ҚМБД Төрағасы Палестина халқымен халықаралық ынтымақтастық күніне арналған дипломатиялық шараға қатысты

0 41

Елордада Палестина халқымен халықаралық ынтымақтастық күніне орай дипломатиялық корпус өкілдерінің қатысуымен ресми жиын өтті. Шараға араб мемлекеттерінің елшілері, халықаралық ұйымдар мен дипломатиялық миссия өкілдері қатысты.


Кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы шақырылды. Жиын барысында Палестина халқына көрсетіліп келе жатқан гуманитарлық қолдаудың маңыздылығы атап өтіліп, бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған халықаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Палестинаның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Монтасер Абу Зейд мырза Қазақстан халқына және Діни басқармаға тұрақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін алғыс білдірді.

Жиын қорытындысында қатысушылар халықаралық ынтымақтастықты нығайту мен өзара қолдауды дамытуға мүдделі екендерін жеткізді.







Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.