“Сәдуақас қажы Ғылмани” мешітінде үш ай бойы “Әзірет Сұлтан” мешітінің ұстазы Ерсайын Қабылқанұлы мешіт шәкірттеріне дәріс өтті.
Имам Мұхаммед әл-Алауидің «Қуаныш қақпалары» кітабы желісімен өткен дәріске қатысқан мешіт жамағаты мен шәкірттеріне естелік сертификаттар табысталды.
Шара соңында қазақтың салт-дәстүріне сай Ерсайын ұстазға мешіт ұжымының атынан алғыс айтылып, шапан жабылды.

sunna.kz