Бірде пайғамбарымыз (с.ғ.с) хұтба оқып жатып былай дейді: – Уа, адамдар! Алла қажылықты парыз етті. Қажылық қылыңдар! Бір кісі:
– Жыл сайын ба, уа, Алланың Елшісі? – деп сұрайды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) үндемей қалады. Әлгі кісі үш қайтара сұрайды.
– «Иә» десем міндет болып қалады. Шамаң келгенше жаса. Менің үйреткенімді істеңдер. Сендерден алдыңғылар көп сұрап, пайғамбарларымен келіспей қалып құрдымға кеткен. Не бұйырсам, соны шама-шарқың жеткенше істе. Неден тыйсам, одан қайтыңдар! – дейді пайғамбарымыз.
Түсінікті не жауабы айтылатын нәрсені сұрай берудің қажеті – шамалы.
Біреу Ібілістің әйелінің атын, біреу Жүністі жұтқан киттің түрін, біреу Адам ата жеген ағашты сұрайды. Мәселе – оны білуде емес, олардан ғибрат алуда. Осылай бірде имам Шиблиден біреу:
– Ібілістің әйелінің атын білесің бе? – деп сұрағанда:
– Тойына барған жоқпыз! – деп жауап берген екен…
материал Аслан Орақбаевтың «Компас» кітабынан алынды,
sunna.kz