Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Төралқа мәжілісінде «MUFTIYAT» баспасының жаңа кітаптары таныстырылды

Төралқа мәжілісінде «MUFTIYAT» баспасының жаңа кітаптары таныстырылды

0 17

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен 2025 жылды қорытындылауға арналған Төралқа мәжілісінде «Muftiyat» баспасынан жарық көрген діни-ағартушылық бағыттағы бірқатар еңбектердің таныстырылымы өтті.


Атап айтқанда, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының «Дін тағылымы», Ибраһим Тілеуқабылұлының «Имам Ағзам қиссасы» мен «Қожа Бахауддин хәзіреттерінің қиссасы», Кашшаффуддин ибн Шаһмарданның «Оқы намаз, достарым!», сондай-ақ «Жұма уағызы» (5 томдық), «Отбасылық сұрақ-жауаптар», «Зекет туралы» (қазақ тілінде) және «Все о закяте» (орыс тілінде) кітаптары көпшілікке таныстырылды.

Аталған еңбектерде мұсылман қауымына қажетті діни үкімдер мен рухани-тәлімдік мазмұн қамтылып, оқырманға жеңіл әрі түсінікті тілде ұсынылған. Кітаптар халықтың діни сауатын арттыруға, имандылық пен ізгілік құндылықтарын насихаттауға бағытталған.



Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.