Бүгін ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен өткен Төралқа мәжілісі қорытындыланды.
Төралқа жиыны ҚМДБ-ның 2025 жылы атқарған іс-шараларын қамтыған бейнероликпен басталып, ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Кенжетай Байкемелұлы 2025 жылы жүзеге асқан «Айтулы шаралар» жоспары бойынша, ал наиб мүфти Ермек Мұқатай басқарманың «Бағдарлық баяндама» аясындағы тапсырмалары бойынша есептік баяндама жасады.
Жиында Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Ершат Оңғар, ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу орталығының директоры Төрәлі Қыдыр, сондай-ақ Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтының директоры Бағдат Манабаев баяндама жасап, өз салалары бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды.
Сондай-ақ төрт бағыт бойынша жауапты бөлім меңгерушілері мен ҚМДБ жанындағы Республикалық Бас мешіттің имамы Қанат Қоянбекұлы 2025 жылғы жұмыс нәтижелері туралы есеп берді.
Сонымен қатар, ҚМДБ-ның құрылғанына 35 жыл толуына орай дін саласына сүбелі үлесі үшін ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу орталығының директоры Төрәлі Қыдыр мен Хусамуддин әс-Сығанақи атындағы ислам институтының директоры Бағдат Манабаев мерекелік медальмен марапатталды.



















