Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Дін қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті

Дін қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті

0 48

Бүгін Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен дін қызметкерлеріне арналған семинар-тренинг өтті.


Семинар барысында бірқатар өзекті тақырыптар қамтылды. Атап айтқанда, ҚМДБ Төрағасының орынбасары, Наиб мүфти Сансызбай Шоқанов «Ислам және қазақ құндылықтарының арақатынасы» тақырыбында баяндама жасап, дәстүрлі рухани мұра мен ислам ілімінің сабақтастығына тоқталды.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Аралбайұлы «Мемлекет пен дін арақатынасы: жаһандық тенденциялар және зайырлылық қағидаты» тақырыбында баяндама жасап, қазіргі әлемдегі дін мен мемлекет қатынасының даму бағыттарын және зайырлы қоғамдағы діни қызметтің маңызын атап өтті.

Сонымен қатар, Бас мүфти кеңесшісі Смайыл Сейтбеков «ҚМДБ құрылымы және қызмет этикасы» тақырыбында баяндама жасап, діни қызметкерлердің жауапкершілігі мен этикалық ұстанымдарына кеңінен тоқталды.

Семинардың тағы бір маңызды бөлімі жасанды интеллект мүмкіндіктеріне арналды. Бұл тақырыпта ҚМДБ Цифрлық даму бөлімінің меңгерушісі Тимур Орынханов баяндама жасап, цифрлық технологиялар мен жасанды интеллекттің діни-ағарту саласындағы қолданылу әлеуетін таныстырды.

Аталған семинар дін қызметкерлерінің кәсіби деңгейін арттыруға, діни қызметті заманауи талаптарға сай жүргізуге және қоғаммен тиімді байланыс орнатуға бағытталған.








/






Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.