Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жұма намазына жиналған жамағатқа Рамазан парақшалары таратылды (фото)

0 5  189

26-мамыр. Астана. Sunna.kz  – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Қасиетті Рамазан айының келуіне орай, арнаулы жасалған Рамазан танымдық парақшалары мен ораза және намаз оқу кестесі таратылды.

Бүгінгі жұма басқа жұмадан өзгеше. Яғни, түні де, күні де қасиетті бұл жұманы кеші – Тарауық. Таңы-сәресі, ертесі – қасиетті Рамазан.

Ел аумағындағы  жыл бойы дін насихатының әр алуан формасымен асыл дініміздің арда құндылықтары насихатталады. Бұл үрдіс қасиетті үш айдың басталуымен қарқын алып, Рамазан айының қарсаңында тіпті де жандана түседі.

Бас мүфти халыққа үндеу жасайды, басты қалаларда арнайы баспасөз мәслихаттары өткізіледі, біртұтас ораза және намаз оқу кестелері таратылады, ҚМДБ сайттары оразаға қатысты танымдық роликтер, сұрақ жауаптар мен арнаулы мақалалар тізбегін жариялайды, мешіттерде танымдық парақшалар мен бүктемелер, кітапшалар таратылады, т.б.

ҚМДБ-ның Астана өкілдігінің тапсырмасы аясында Елорда мешіттері де бұл үрдістің бел ортасында насихат жұмыстарын қыздыра түседі. Осыған дейін хабарлағанымыздай «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де бірқатар дайындық жұмысы жасалған еді. Бүгін жұма намазына жиналған жамағатқа Рамазан айына байланысты арнайы жасалған Рамазан парақшалары таратылды.

Атап айтсақ, арнайы басылған ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының Қазақстан мұсылман қауымана жолдаған Үндеуі парақшасы. Рамазан айының қадір-қасиеті мен ерекшелігі, оразаның қоғамдық-әлеуметтік, рухани пайдасы, оразаны бұзатын және бұзбайтын амалдарды қамтыған танымдық мақалалар басылған бүктемелер, Астана қаласы бойынша ораза ұстау және намаз оқу  кестелері таратылды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» баспасөз қызметкері

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.