Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мешітімізде қатым Құран басталды (фото)

0 2  436

26-мамыр. Астана. Sunna.kz – Қасиетті Рамазан айында оқылатын Тарауық намазының басталуымен, ірі мешіттерде Құран Хатым оқыла бастады.

Айлардың сұлтаны болған  қастетті Рамазан айының халық арасында «Құран айы» деген де кеңінен танылған екінші аты бар. Яғни, бұл айдың қасиетті кітабымыз Құран Кәріммен байланысы ерекше. «Қадір» сүресінің 1-аятында: «Ақиқатында Біз оны Қадір түнінде түсірдік», дейді. Құран Кәрім осы айдың ең қасиетті түнінде уақи етіліп, түсе бастаған. Қасиетті айдың «Құран айы» деп аталуы да ең әуелі адамзат тарихындағы осы бір елеулі уақиға байланысты.

Әр жылдың Рамазан айында Жәбірейіл (ғ.с.) Пайғамбарымыз Мұхаммедтың (с.ғ.с.) қасиеттi Құранды дұрыс, рет-ретiмен жаттауын тексеретiн болған. Яғни, Алла Елшісі (с.ғ.с.) уахиды жеткізуші, ұлық періштенің бірі Жәбірейілге (ғ.с.) Құранды Хатым етіп тапсыратын болған. Бұл да азамзат тарихында алтын әріптермен жазылуға тиісті өнеге, ғибраты мол айырықша уақиға. Рамазан айы осысымен де ерекше.

Тарихи деректерге сүйенсек, мазһабымыздың көшбасшысы, ұлық имам Әбу Ханифа Рамазан айында Құранды бірнеше мәрте хатым еткені айтылады.

Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның бастамшылығымен, еліміздегі барлық қарилар республиканың басты қалаларында болып, ай бойы Құран қатым етеді. Бұл игі бастама «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де өз жалғасын табуда. Мешітіміздің Бас имамы Жұманазар қари Өсерханұлы және «Көктөбе» қарилар орталығының түлегі, көптеген республикалық һәм халықаралық Құран жарыстарының жүлдегері Қайырбай Дәукенұлы ай бойы Құран қатым етеді деп күтілуде.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.