Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ-ның EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысты ҮНДЕУІ

0 1  636

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының EXPO-2017 халықаралық көрмесіне қатысты 

ҮНДЕУІ

Біз мемлекетіміздің мерейін үстем ететін, мәртебесін арттырып, абыройын асқақтата түсетін әлемдік деңгейдегі тарихи іс-шараның қарсаңында тұрмыз.

Баршаңызға белгілі, елімізде 10 маусымда EXPO-2017 халықаралық көрмесі басталады. Осыған дейін Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық ұйымының саммитін, Астана экономикалық форумын, Инвестициялық форум, Дүниежүзілік ислам экономикалық форумын, тағы басқа халықаралық дәрежедегі шараларды жоғары деңгейде ұйымдастырған мемлекетіміз EXPO-2017 көрмесін де абыроймен өткізеді деген сенімдеміз.

Әлемнің барлық мемлекеттерінен миллионнан аса адамды жинайтын осы ауқымды жоба біздің мемлекетіміздің экономикасына жаңа серпін береді. Сондықтан, осы іс-шараны өткізуге қолғабыс көрсету, біздің ел алдындағы азаматтық борышымыз болып табылады.

Өйткені, бір жарым ғасырдан астам тарихы бар EXPO-2017 халықаралық көрмесін жоғары деңгейде ұйымдастыру түрлі салада жұмыс істейтін адамдарға үлкен жауапкершілік жүктейді.

Еліміздің тарихында алтын әріптермен жазылатын айтулы іс-шара – халқымыздың діні мен дәстүрін, әдебиеті мен мәдениетін, руханияты мен тарихын таныстырудың, ұлттық құндылықтарымызды көрсетудің, Қазақ елінің жеткен жетістігін әлемге паш етудің мол мүмкіндігі.

Осы орайда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы барша отандастырымызды шетелден келген қонақтарға жылы шырай танытуға, олармен жақсы мәміле орнатуға, қызмет сапасын арттыруға, сан ғасырлық тарихы бар халқымыздың ұлттық рухани мұрасы мен әдет-ғұрпын, сондай-ақ басты байлығымыз саналған еліміздегі дінаралық келісім мен ұлтаралық бірлігімізді көрсету болып табылады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өзінің хадис-шарифінде: «Бір елдің басшысы (өкілі) келсе оған лайықты құрмет көрсетіңдер», – деген. Қонақжайлылық – қазақы қасиет. Қазақтың қонақжайлылық, дархандық, жомарттық қасиеті –  бұрынғы көшпелі ата-бабалардан үзілмей келе жатқан дәстүр.

Алла Тағала ел игілігі жолындағы бастамаларымызды, жақсылыққа жұмылдырып, имандылыққа ұйытатын ізгі іс-шараларымызды берекелі еткей! Жаратушы Иеміз Тәуелсіздігімізді баянды, егемен еліміздің болашағын жарқын, халқымыздың бірлігін бекем еткей. Әмин!

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.