Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мына кісі Аллаға қалай тәуекел етті

0 3  809

Бірде Әли ибн Әбу Талибтің (р.а.) есігінің алдына бір қайыршы келеді. Әли өзінің ұлы Хасанға:

– Анаңа барып: Әкем сізге алты дирһам берген екен. Соның бір дирһамын берсін – деп айтағой дейді.

Хасан анасына барып келеді де Әлиге:

– Анам сіз ол дирһамдарды ұн сатып алу үшін берген деп айтты – дейді.

Әли (р.а.) күлімсіреп:

– Пенденің қолындағы мал, Алланың сенімді қолына өтпейінше иманы расталмайды. Құлыным, анаңа маған алты дирһамды беріп жіберсін деп айтағой – дейді.

Фатима анамыз (р.а.) Әлидің айтқанындай қолындағы алты дирһамды қайыршыға береді. Қайыршы кеткен соң, артынша Әлидің ауласына түйесін сатқалы жүрген бір адам келеді.

Әли (р.а.) оған:

– Ей, достым! Түйені қаншаға сатқалы жүрсін? – деп сұрақ қояды.

Түйенің иесі:

– Жүз қырық дирһамға сатамын – дейді.

Әли (р.а.):

– Түйені маған сат, бірақ ақшасын сегіз күннен кейін алып кетсең болады ма – деп өтініш білдіреді. Түйенің иесі бұған келіседі. Әли түйені алып, ауласына байлап қояды.

Арада біраз уақыт өтпей-ақ, бір адам байлаулы тұрған түйеге қызығып:

– Мына түйе кімдігі? – деп сұрайды.

Әли (р.а.):

– Бұл менің түйем – дейді.

Түйге қызыққан кісі:

– Сатасың ба? – деп сұрайды.

Әли (р.а.):

– Ия.

Түйені алушы адам:

– Қаншаға бересің? – деп ойын білдірді.

Әли (р.а.):

– Екі жүз дирһамға сатамын – деді.

Әлгі кісі:

– Олай болса түйеңді мен аламын – деп Әлиге екі жүз дирһам ұстатып түйені алып кетеді.

Әли (р.а.) жүз қырық дирһамды түйенің иесіне, ал қалған алпыс дирһамды Фатима анамызға беріп жатып:

– Фатима, бұл Алла тағаланың: «Кімде-кім бір жақсылық істесе, оған он есе болып қайтарылады», – деп пайғамбарға (с.ғ.с.) айтқызып, берген уәдесінің орындалуы – дейді.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ, дінтанушы kazislam.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.