Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елордада 1929-1940 жылдары латын әліпбиімен жазылған кітаптар көрмесі өтеді

0 2  316

Елордада 1929-1940 жылдары латын әліпбиімен жазылған кітаптар көрмесі өтеді 2017 жылғы 3 тамыз 10:47 221 АСТАНА. ҚазАқпарат – «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасымен бірлесіп, 4 тамыз күні «MEGA Silk Way» ОСО-да «Men qoldaimyn» шарасы аясында «Qazaq kitaptary 1929-1940» атты латын әліпбиімен жазылған кітаптардың көрмесін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпыұлттық баспасөз қызметінің мәліметінше, шараның негізгі мақсаты – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында айтылған кириллица негізіндегі қазақ әліпбиін латын әліпбиіне көшіру бастамасына қолдау білдіру.

Көрмеге қазақ зиялы қауым өкілдерінің 1929-1940 жылдары шыққан еңбектері қойылады. Сонымен қатар, шетелдік ақын-жазушылардың еңбектерін де осы көрмеден тамашалауға болады.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев: «Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты» деп атап өткен болатын.

Латын әліпбиі негізіндегі қазақ әліпбиін жасау идеясын отандық ғалымдармен қатар шетелдік ғалымдар қолдады. Қазіргі уақытта қоғам талқысына кеңінен салынып, халық тарапынан қолдау тапқан бастамаға «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысы да үн қосып отыр.

Автор: Марлан Жиембай

www.inform.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.