Жексенбі, 14 маусым 2026 ж. 28 зүлхижжа 1447 һ.ж. Астана қаласы
Намаз уақыты · Астана Намаз · Астана
Таң 02:07
Күн 03:54
Екінті 17:56
Ақшам 20:36
Құптан 22:23
Мақалалар

Мына кісі Аллаға қалай тәуекел етті

3 там 2017 4 118 рет оқылды
Мына кісі Аллаға қалай тәуекел етті
Бірде Әли ибн Әбу Талибтің (р.а.) есігінің алдына бір қайыршы келеді. Әли өзінің ұлы Хасанға: – Анаңа барып: Әкем сізге алты дирһам берген екен. Соның бір дирһамын берсін – деп айтағой дейді. Хасан анасына барып келеді де Әлиге: – Анам сіз ол дирһамдарды ұн сатып алу үшін берген деп айтты – дейді. Әли (р.а.) күлімсіреп: – Пенденің қолындағы мал, Алланың сенімді қолына өтпейінше иманы расталмайды. Құлыным, анаңа маған алты дирһамды беріп жіберсін деп айтағой – дейді. Фатима анамыз (р.а.) Әлидің айтқанындай қолындағы алты дирһамды қайыршыға береді. Қайыршы кеткен соң, артынша Әлидің ауласына түйесін сатқалы жүрген бір адам келеді. Әли (р.а.) оған: – Ей, достым! Түйені қаншаға сатқалы жүрсін? – деп сұрақ қояды. Түйенің иесі: – Жүз қырық дирһамға сатамын – дейді. Әли (р.а.): – Түйені маған сат, бірақ ақшасын сегіз күннен кейін алып кетсең болады ма – деп өтініш білдіреді. Түйенің иесі бұған келіседі. Әли түйені алып, ауласына байлап қояды. Арада біраз уақыт өтпей-ақ, бір адам байлаулы тұрған түйеге қызығып: – Мына түйе кімдігі? – деп сұрайды. Әли (р.а.): – Бұл менің түйем – дейді. Түйге қызыққан кісі: – Сатасың ба? – деп сұрайды. Әли (р.а.): – Ия. Түйені алушы адам: – Қаншаға бересің? – деп ойын білдірді. Әли (р.а.): – Екі жүз дирһамға сатамын – деді. Әлгі кісі: – Олай болса түйеңді мен аламын – деп Әлиге екі жүз дирһам ұстатып түйені алып кетеді. Әли (р.а.) жүз қырық дирһамды түйенің иесіне, ал қалған алпыс дирһамды Фатима анамызға беріп жатып: – Фатима, бұл Алла тағаланың: «Кімде-кім бір жақсылық істесе, оған он есе болып қайтарылады», – деп пайғамбарға (с.ғ.с.) айтқызып, берген уәдесінің орындалуы – дейді. Жалғас САДУАХАСҰЛЫ, дінтанушы kazislam.kz
#Фатима #садақа #сахаба #түйе #тәуекел #Әли