ҚМДБ Өскемен аймғы өкілдігі имамдардың біліктілігін арттыру жолында бірқатар шаралар жасап отыр. Атап айтқанда өткен жылдан бастап имамдыққа бейімі бар азаматтарды оқытып, ауылдарды имамдармен қанымдаған болса, енді ауыл молдаларымен аудан имамдарының білімін көтеру мақсатында облыстық әкімдікпен бірлесіп 3 айлық курс ұйымдастырды. Аталған курста қазір барлығы 70- тен астам имам-молдалар дәріс алып жатыр. Бұл курсқа қатысушыларға еліміздегі дінтанушылар Алау Әділбаев, Қайрат Құрманбаевтар дәріс оқыды.
«Біз өкілдіктен имамдарымызды жетілдіру бағытында тың шаралар жасап жатырмыз. Әсіресе олардың біліктілігін көтеру мақсатында бұған дейін де бірнеше курстар ұйымдастырып, атқардық. Бұл жолы облыс басшысының қолдауымен 3 айлық ауқымды оқыту курсын бастап отырмыз. Бұл шара имамдарымызға деген мемлекетіміздің үлкен қолдауы. Сондықтан дінтанушыларды шақырып, дәріс оқыту шарасын қолға алып жатырмыз» деп атап өтті, ҚМДБ Өскемен аймағының өкіл имамы Ермек қажы Қасболатұлы.
Жоба аясында оқуға келген имамдар тегін аспен, жатар орынмен және шәкіртақымен қанымдалуда.
Шығыс Қазақстан облыстық
«Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі