Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти құрбандық шалу рәсіміне қатысты (ФОТО)

0 1  835

Астана қаласы мешіттері ұйымдастырған «Раббың үшін құрбан шал!» акциясы бүгін Астана-Қосшы тас жолындағы «Алтын таға» базарында қорытындыланып, құрбндық шалу рәсімі болып өтті. Игі шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қатысып, арнайы құрбан шалдырды. Сондай-ақ, акция атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысып, сауапты шараның ойдағыдай өтуін қадағалауды тапсырды.

Бұдан кейін акцияға қатысушы жамағатпен жүздесіп, айттық дастарханында бас қосқан Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Қасиетті Құрбан айт мерекесінің маңыздылығына тоқтала кеткен дінбасы ұлық мерекенің мейірін жан-жағымызға жарқырата көрсетуге үндеді.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.