Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ата-аналар мектеп асханасын қадағалай алады

0 1  737

Астанадағы мектеп асханаларын бракеражды комиссия құрамындағы ата-аналар қадағалай алады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

 

«Астана қаласының білім беру ұйымдарында бракеражды комиссиялар жұмыс істейді. Бракеражды комиссия құрамына мектеп директоры, әлеуметтік педагог, мейірбикелер мен онға жуық ата-ана комитетінің мүшелері кіреді. Олар апта сайын мектеп асханасының санитарлық талапқа сай болуы мен тамақтың салмағының нормаға сәйкестігін тексеріп отырады», – деді білім басқармасының бас маманы Әсем Үсенова.

Оның айтуынша, мектеп оқушылары елордалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен 4 аптаға бекітілген мәзір бойынша тамақтанады. Аталған мәзірді бекіткен кезде Қоғамдық тамақтану институтының ұсыныстары ескеріледі.

«Мектеп оқушыларының мәзірі жылдың басында қаңтар айында бекітіледі. Тамақ төрт аптаға бекітілген мәзір бойынша дайындалады. Жергілікті бюджет есебінен балаларды тегін тамақпен қамтамасыз ету мақсатында 3,5 млрд жуық қаржы бөлінді. Бұл қаржы жыл соңына дейін мектеп оқушыларын тегін тамақтандыруға жеткілікті», – деді бас маман.

Айта кетейік, жаңа оқу жылында Астанада 73 мыңға жуық мектеп оқушысы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Қаладағы барлық мектеп асханаларға ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Baq.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.