Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

1500-дей діни сайт теріс бағытта ақпарат таратқан

0 1  675

ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрi Нұрлан Ермекбаев 2017 жылы министрлiк мамандары 3 мыңға жуық сайтты талдағанын, олардың шамамен 1500-i заңсыз, терiс бағыттағы ақпараттар жариялаумен айналысқанын жеткізді.

«Елiмiзде дiни материалдарды тарату каналдарына тұрақты түрде мониторинг жүргiзiлiп тұрады. Ғаламторда заңғы қайшы әрекет ететiн контенттер ашылып, анықталып, жұмысы тоқтатылып жатыр. 2017 жылы министрлiк (Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi-агенттiк ескертпесi) мамандары 3 мыңға жуық сайтты талдады, олардың шамамен 1500-i заңсыз, терiс бағыттағы материалдар жариялаумен айналысқан» дедi Ермекбаев Мәжiлiс үйiндегi Үкiмет сағатында.

Нұрлан Ермекбаевтың айтуынша, 1 тамыздан бастап ҚР Бас прокуратурасы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiмен бiрiгiп, «Кибербақылау» жобасын жүзеге асырып жатыр. Оның аясында арнайы сайт ашылды. Жаңа әдiстердiң арқасында дiни сараптама жасау мерзiмi бiршама қысқарып, жұмыс жеңiлдедi. Сондай-ақ, ведомство басшысы кiтап және баспа материалдарына да талдау жұмыстары жүргiзiлiп тұратынын айтты, деп жазады Baq.kz.

Бүгiн өз сөзiнде Мәжiлiс депутаты Владимир Божко дiни ахуалды реттеу үшiн ауыл тұрғындарына да қаладағыдай жағдай жасалуы керек дедi. Депутаттың айтуынша, олар да, әсiресе, жастар баспанамен және жұмыспен толықтай қамтылуы қажет.

ummet.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.