Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

АСТАНАЛЫҚ ИМАМДАРДЫҢ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ (ФОТО)

0 3  818

Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Елорда имамдарының жылдық қорытынды жиналысы өтті. Отырыста ҚМДБ тарапынан бекітілген төрт бағыт бойынша атқарылған жұмыстар ортаға салынып, талқыланды. ҚМДБ наиб мүфтиі, «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы ел имамдарына төрт бағыт бойынша атап айтсақ, үгіт-насихат жұмыстары мен қайырымдылық шаралары, теріс пиғылды ағымдармен жұмыс жасау және діни сауат ашу курстарын жандандыру жұмыстарын жүйелі жолға қою – республика дін қызметкерлерінің негізгі міндеттері екенін айтты.

Белгіленген бағыттар аясында жыл бойына атқарылған іс-шаралар ауқымын қаламыздың сегіз мешітінің бас имамдары мен «Зекет» корпоративтік қорының Астана қаласы өкілдігі мен ҚМДБ қарасты медресе басшылары өкіл имамға баяндап, есеп берді. Бас имам баяндамаларында уағыз-насихат жұмыстарының нақты көрсеткіштері, қайырымдылық шаралары мен жұмсалған қаражат көлемі, сондай-ақ биылғы жылы діни һәм ұлттық, мемлекеттік мерекелерде мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруымен өткізілген шаралар жайы да көрініс тапты. Жылдық есепті тыңдаған ҚМДБ наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Серікбай қажы Ораз мешіт өкілдерінің атқарған жұмыстарына өз ризашылығын білдірді.

«Бүгінде елорда имамдары қоғамның сан саласымен тығыз байланыс орнатып, әртүрлі әлеуметтік ортада дәстүрлі дін насихатын жүргізіп келеді. Сіздер еліміздің әр облысындағы басқа да өкіл имамдарға үлгі екендеріңізді ұмытпаңыздар. Қазір Астана қаласындағы діни қызметкерлердің білімі тоқсан пайызды құрап отыр. Бұл өте жоғары көрсеткіш. Діни қызметкерлерінің жоғары білімді болуы, оны халықпен бөлісуі – барлығымыз үшін жауапты әрі сауапты іс. Асыл дініміздегі әрбір ізгі амалдарды орындап, оны халыққа насихаттау жұмыстарына атсалысу барша мұсылман үшін ортақ міндет» деген бас имам Наурызбай қажы Тағанұлы жиналыс соңында атқарылған шараларға оң бағасын беріп, алда жоспарланған мақсаттарға жұмыла кірісуге шақырды.

jpG 9636

2345667

jpG 9630

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.