Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз «Нұр Мүбарак» университетінің ректоры Жуда Абдулғани Басюниді қабылдады.
Кездесуде Нұр-Мүбарак университетінің даму жоспары талқыланды. Сондай-ақ, Бас мүфти студенттердің діни және дүниеуи білім сапасын көтеру, ақпараттық-технологиялық сауатын ашу, ұстаздардың тәжірибесін арттыру т.б. мәселелер төңірегінде сөз қозғады.
«Нұр-Мүбарак» университетінде қазір бакалавр бойынша 1160 студент білім алуда. Магистратурада 63, докторантурада 26 шәкірт білім алуда.