Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

БАС МҮФТИ ОБЛЫСТЫҢ БАС ИМАМДАРЫНА ҚАТАҢ ТАЛАПТАР ҚОЙДЫ (ФОТО)

0 3  127

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз мүфтияттың облыстардағы бас имамдарын қабылдады, – деп хабарлайды  ҚМДБ баспасөз қызметі.

Қабылдауда ҚМДБ-ның 2017 жылы атқарған жұмыстарының нәтижелері пысықталып, 2018 жылда жүзеге асатын ауқымды іс-шаралар мен игі жобалар жан-жақты талқыланды.

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы облыстың бас имамдарына білікті һәм білімді дін қызметкерлерінің корпусын қалыптастыру, жастарға дұрыс діни ақпарат жеткізу, мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, жамағат арасында патриотизмді уағыздау, еліміздегі және өңірдегі тұрақтылықты нығайтуға үлес қосу, деструктивті ағымдағы адамдарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу, дәстүрлі ханафи мәзһабының қағидаларын және оның теріс пиғылды діни ағымдардан айырмашылығын баса айту, т.б. мәселелер төңірегінде нақты тапсырмалар беріп, қатаң талаптар қойды.

«Еліміздің руханият саласында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Халқымыздың рухани өмірінде дін қызметкерлері үлкен маңызға ие. Діни басқармаға үлкен жауапкершілік артылған бүгінгі сындарлы кезеңде белсенді жұмыс жасауымыз керек. Берілген міндеттемелерді жоғары деңгейде жүзеге асыруларыңызды талап етемін», – деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

 

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.