Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

О.А.БЕРЕЗИНА ХАНЫМ ИСЛАМ ДІНІН ҚАБЫЛДАДЫ (ФОТО)

0 3  860

5-ақпан. Астана. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Березина Оксана Анатольевна есімді орыс әйелі өз қалауымен Ислам дінін қабылдады.

Әлем әдебиетінің алыбы, күллі адамзатқа ортақ 90 том көркем әдеби шығарма ұсынған орыстың әйгілі жазушысы Л.Н.Толстойдың айтқаны бар еді: «Ізгілікті іздеген әр бір адамның ең соңғы тірелетін жері Ислам» деп. Және бұл жайында қасиетті Құран аятарында да айтылған-ды. Соның дәлме-дәл айғағы – еліміздің әрбір діни орындарында басқа діндегі (басқа ұлт өкілдері) күн санап Ислам дінін қабылдауда.

Астана қаласы, «Сәдуақа қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы Санху Зәкір имам мұндай ізгілікті іске көптеп куә болып келеді. Бірақ көбіне-көп дін қабылдаушы азаматтар Исламды қабылдағанын жария қылып, жар салуды құп көрмейтін еді. Біз бұл ақпарды Березина Оксана Анатольевна ханымның өзгеге үлгі болсын деген рұқсат-ілтипатымен жариялап отырмыз. 

Исламды қабылдаған Оксана ханымға асыл дініміздің алғашқы қағидаттары мен шартарын және парыздарын басқа да амалдарын С.Зәкір имам түсіндіріп берді. Және де ол өзініне азан шақыртып, Әмина есімін қабылдады. Сондай-ақ, дін қабылдаған Әмина ханымға мешіт атынан қасиеті Құран кітабы сыйға тартылды.

Sunna.kz порталы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.