Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНІҢ ИМАМДАРЫ МЕН ШӘКІРТЕРІ АРАСЫНДА ФУТБОЛДАН ТУРНИР ӨТТІ (фото)

0 3  453

ҚМДБ-ның Астана қаласы өкілдігінің тапсырмасы аясында, мешіт жамағатының ауыз біршілігін арттыру мақсатында спорттық және мәдени-рухани іс-шаралар өткізіп тұру – Астана мешіттерінің маңызды міндеттерінің бірі.

Осыған орай, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырхановтың ұйымдастыруымен, имамдар және мешітімізде жыл бойы діни сауат ашу курсында дәріс алып жүрген шәкірттер арасында мини футболдан турнир өтті. Аталмыш жарысқа Бас имам Жұманазар Садырханов және мешіт наиб имамдарыда қатысты. Жалпы алты команда додаға түсті. Жарыс соңында жеңімпаз болған Қайырбай қаридың жасақтаған командасы алғашқы алтын кубог иегері атанды.

Сондай-ақ, Алла нәсіп етсе аталмыш турнир әр ай сайын болып тұрады деп жоспарлануда.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.