Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«С.ҒЫЛМАНИ» МЕШІТІНДЕ АСТАНА ИМАМДАРЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗДІ (ФОТО)

0 8  637

21.02. Астана. /SUNNA.KZ/ – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың тапсырмасы аясында, Астана қаласы өкілдігінің ұймдастыруымен, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Ел орда имамдары дөңгелек үстел өткізді.

Шара барысында қазіргі қоғамда аса белең алып бара жатқан теріс ағым мәселесі кеңінен талқыланды. Алқалы жиынға «Нұр Астана» орталық мешітің наиб имамы Әділхан Серікбай өкілдіктің атынан қатысып, шаһар имамдарының пікірімен бөлісті. Сондай-ақ, жиынға, «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов, «Кунта қажы» мешітің бас имамы және де Астана мешіттерінің наиб имамдарының қатысуымен бас қосу өтті. Жиында жат ағыммен күрес мәселесі жан-жақты талқыланып, алда атқарылар бірқатар  игі істер жоспарланды.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.