Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ИМАМДАР ИЫҒЫНА ШАПАН ЖАБЫЛДЫ (ФОТО)

0 9  784

ҚМДБ-ның Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен, өткен жұмада Астана мешіттерінде бірқатар ауыс-түйістер болған болатын.

Осыған орай, Астана қаласы «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде де сан жылдар бойы еңбек етіп келген – Мамлюк Мусаев, Рашид Алпысбаев және Жасұлан Абутәліп қатарлы наиб имамдар, Бас мүфтидің бұйрығымен жаңа қызметке тағайындалған.

Атап айтсақ, Мамлюк Мусаев – ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілдігі «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы әрі іс басқарушысы болса, ал Рашид Алпысбаев ОҚО Шымкент қаласындағы «Шыңғысбай қажы Дәуітұлы» мешітінің Бас имамы болып тағайындалды. Сонымен қатар, Жасұлан Абутәліп Астана қаласы «Әл-Ғани» мешітінің наиб имамы болып бекітілді.

Аталмыш имамдар, касиетті жұма күні, жамағат алдында салтанатты түрде бұрынғы қызметтерінен босатылып,  иықтарына шапан жауып, алғыс хат табыс етілді.

Алғыс хатты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің Бас имамы Жұманазар Садырханов табыстады. Имам өз сөзінде: «Құрметті имамдар сіздерді, Алланың үйі болған мешітімізде имамдық міндеттеріңізді адал да абыройлы атқарғандарыңыз үшін, мешіт ұжымы және мешіт жамағаты атынан айырықша алғысымды білдіремін! Ата дініміз Ислам жолында әлі де қажырлы еңбек етуге һәм алда атқарар қызметтеріңізге толағай табыс тілеймін! Алла  сіздердің әр істеріңізге берекет берсін!», – деп тілектестік білдірді.

Сондай-ақ, мешітіміздегі ақсақалдар алқасы атынан тұрақты шәкірт әрі батагөй ақсақал Төлебай ата да ақ батасын беріп, имамдарымыздың алдағы істеріне сәттілік тіледі.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.