Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ: ЖАҢА ПӘТУАЛАР (ВИДЕО)

0 2  516

Болашақ баланың жынысын ЭКО әдісі арқылы таңдауға дін өкілдері рұқсат берді. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Ғұламалар кеңесі ұзақ талқылап ортақ шешімге келіпті. Тек пәтуа бойынша оның белгілі шарттары бар. Тұқым қуалайтын аурудың алдын алу үшін, отбасына ұл немесе қыз бала қатты қажет болғанда медициналық әдіске жүгіну керек дейді ғұламалар.  

САНСЫЗБАЙ ҚҰРБАНҰЛЫ, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі:

– Бұл әдіс тек зәрулік жағдайда ғана іске асырылады. Өте қажет болған жағдайда. Бұны бүкіл мемлекет деңгейінде іске асырса, бұл табиғатқа да, тепе-теңдікке де, жақсылыққа әкеліп соқпайды. 

Ғұламалар кеңесінде тек дінтанушы ғалымдар емес, зайырлы ғылымның өкілдері де бар. Діни догма мен қасаң қағидадан арылу үшін, қазіргі қоғамдағы шариғатқа тірелетін мәселелерді шешу жолында олардың пікірі де маңызды. Мысалы, сауда-саттық кезінде, қызмет көрсету саласында жиі ұшырасатын делдалдыққа қатысты арнайы пәтуа талқылануда. Бас мүфтидің айтуынша, делдал адам бірнеше маңызды шарттарды ескеру керек.

СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ САТЫБАЛДЫҰЛЫ, Бас мүфти:

– Кез келген екі тараптың бір жағымен өзара жасырын түрде ымыраға келіп алып, мақсатты түрде бір жағына қарай жұмыс жасайтын болса, яки біреудің сөзін бұрып сөйлейтін болса, онда делдалдық шартты түрде бұзылады. Ол күнә болып саналады.
informburo.31.kz
 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.