24-сәуір. Астана. /SUNNA.KZ/ – Мешітімізде тал-терек түптері әктеліп гүл және шыршалар отырғызылуда.
Қазақта «атадан мал қалғанша тал қалсын» деген тәмсіл бар-ды. Мал бір борандық, ал өсімдік мәңгі. Мәуелі тал-терек қаламыздың ажары. Сондықтан да қаланың әр жеріне егілген бір тал шыбықтың орны еркеше. Алдағы айлардың сұлтаны Рамазан айы қарсаңында мешітімізде қасиетті айға деген дайындық жұмыстары басталып та кетті. Соның бір парасы мешіт ауласын – абаттандыру жұмыстары. Тал-терек, шыршалардың түптерін әктеп, гүл және шыршалар отырғызылуда.
«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі