Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

РАМАЗАН МҰСЫЛМАНДАРҒА МОЛ МҮМКІНДІК АЙЫ…

0 1  482

23-мамыр. Астана. /SUNNA.KZ/ – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде қасиетті Рамазан айның ауызашар дастарханы жалғасуда.

ҚМДБ-ның тапсырмасы аясында, айлардың сұлтаны болған қасиетті Рамазан айының әр күні, ел мешіттерінде ауызашар дастарханы жайылып, ораза ұстаған мұсылмандар үшін арнайы ас мәзірі ұсынылады. Бұл үрдіс Елорда мешіттерінде де тұрақты түрде артқарылып келеді.

Бүгін мешіт жанынан арнайы тігілген шатырда 300-ге жуық Астана тұрғындарына ауызашар дастарқаны жайылды. Оған «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітің наиб имамы Оңғар Хайридинов қатысып, жиналған жұртшылыққа ауызашар дастарханының қадір-қасиеттері жайында айта келе, елімізге, жерімізге мол ризық-несібе тіледі.

«Қасиетті рамазан айы – кешірім, рақым, ризық айы. Мұсылмандар үшін мол мүмкіндігі бар ай. Бұл ай арықтап-ару емес, күнәмізден арылу айы», – деді наиб имам Оңғар Хайридинов.

Сонымен қатар, үрдіс бойынша, Рамазан айында кәсіпкер азаматтар мен ауыз аштырып сауап алғысы келген азаматтардың демеушілігімен күн сайын мешітімізде 250-260 адамға ауызашар дастарханы жайылып, елордалық ораза ұстаушыларға қызмет көрсетуде. 

Сондай-ақ, күн сайын елімізге белгілі қарилардың қатысуымен Тарауық намазы жүргізіліп, Құран хатым етіліп келеді.

Тағды да естеріңізге сала кетейік, Елордалық тұрғындардың Тарауық намазына келіп-кетуіне жеңілдік тудыру мақсатында, ҚМДБ-ның Астана өкілдігінің ұйымдастыруымен, қалалық Жол және көлік департаменттері және қалалық автопарктердің демеушілігімен қаланың әр бағыттары бойынша арнайы автобустар шығарылды. 

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітіде де Тарауық намазынан кейін жамағатқа арналған көліктер қарастырған. Тарауықтың алғашқы күнінен бастап Құран хатымға қатысқан елордалықтар әр бағыттар бойынша тасымалдануда. Дәлірек айтсақ, бірінші бағыт – Оңтүстік-шығыс, екінші бағыт – Көктал-1, Көктал-2 тұрғын үй алабы бағыты және үшінші бағыт – Астана вокзалы, «Ет комбинаты», «Кирпичный» бағыттарында тегін автобустар қатынайды.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.